«Астана» сырт алаңда «Славияны» жеңіп, Қазақстанның УЕФА коэффицентіне тағы ұпай қосты. Ортақ ұпай саны 4-ке жетті.
Қазақстан командалардың биылғы ортақ үлесі:
1. «Астана» — 10,5 ұпай (іріктеу кезеңінде «Спартактан», Латвия — 1,5 ұпай, «Легиядан» — 1, «Селтиктен» — 1, барлығы — 3,5 ұпай. Еуропа лигасында «Маккабиден» — 4, «Славиядан» — 3, «Вильярреалдан» — 0, барлығы — 7 ұпай).
Ескерту: іріктеу кезеңіндегі әр жеңіске — 1, тең нәтижеге 0,5 ұпай беріледі. Еуропа лигасының топтық турнирінде әр жеңіске — 2, тең нәтижеге 1 ұпай беріледі.
2. «Қайрат» — 2,5 ұпай («Атлантастан» — 2, «Скендербеуден» — 0,5).
3. «Ертіс» — 2,5 ұпай («Дунавтан» — 2, «Црвена Звездадан» — 0,5).
4. «Ордабасы» — 0,5 ұпай («Широки Бриегтен» — 0,5)
Жиынтық ұпай 16 болады. Осыны еурокубоктарға қатысқан 4 командамызға бөлсек, 4,00 ұпай шығады.
Бұған дейін Қазақстан УЕФА кестесінде 2015/16 маусымда ғана 4 ұпайдан асыра жинады (4,625). Бұған «Астананың» Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнағаны әсер еткені анық.
УЕФА коэффицентінде командалардың соңғы 5 маусымдағы нәтижесі жинақталады. Қазақстан 2013/14 маусымынан бері 17,875 ұпай жинап, УЕФА-ға мүше 55 қауымдастықтың арасында 27 орында тұр:
2013/14 — 3,125 ұпай
2014/15 — 3,375
2015/16 — 4,625
2016/17 — 2,750
2017/18 — 4,000 (маусым аяқталған жоқ).
Келесі маусым басталғанда бірінші маусымның ұпайы (мысалы, 2013/14) есептен шығарылады да, жаңа маусымның нәтижелері санатқа кіреді. Демек, келесі жазда ұпайымыздан 3,125 кемітіледі.
«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде қоржынымызға тағы ұпай қосса, биылғы маусымдағы көрсеткішіміз 4 ұпайдан да көтерілуі мүмкін.