Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2017 жылдың үздік қақпашысы деп ұлттық құраманың және «Ертіс» командасының қақпашысы Давид Лорияны таныды. Лория биыл ел біріншілігінде 30 матч өткізіп, 30 гол жіберді, 10 ойында қақпасына доп дарытқан жоқ. ӘЧІ-2018 іріктеу кезеңінде 5 матчқа қатысты. Ұлттық құрамада ең көп ойын өткізген қақпашылардың бестігіне (45 матч) енді.
Биылғы үздік қақпашылардың бестігі:
1. Давид Лория, «Ертіс» — 44
2. Ненад Ерич, «Астана» — 41
3. Дмитро Непогодов, «Тобыл» — 26
4. Стас Покатилов, «Қайрат» — 25
5. Александр Мокин, «Астана» — 15
Дауыс беру нәтижесі:
Команда басшылары
Бас бапкерлер
Команда капитандары