Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы 300-голын жіберіп алғанын бұған дейін де хабарлаған едік. 1 қыркүйектегі Қазақстан — Қаратау кездесуінің 31 минутында қонақтардың жартылай қорғаушысы М.Вешович есеп ашып, сол 300-голдың авторы атанды.

Қазақстан құрамасы қақпасына соғылған атаулы голдар реті мынадай:

 

Соққан футболшыЖіберген қақпашыКүні Ойын мәртебесіМатчМинҚалаСтадион
1 голВ.ЗолотухинВ.Кафанов16.09.1992

ХТ

Түркіменстан – Қазақстан – 1:14Ашгабат«Копет-Даг»
50 голВ.ХашемианН.Қырықбаев25.05.2000

ХТ

Қазақстан – Иран – 0:330АмманІІ Абдулла король
100 голК.ТамадаА.Мокин29.01.2005

ЖК

Жапония – Қазақстан – 4:05ЙокогамаИнтернешнл
150 голК.МиральясД.Лория12.09.2007

ЕЧІ-08

Қазақстан – Бельгия – 2:224АлматыОрталық
200 голХамит АлтындопА.Сидельников03.09.2010

ЕЧІ-12

Қазақстан – Түркия – 0:326Астана«Астана-Арена»
250 голЗ.ИбрагимовичА.Сидельников10.10.2013

ӘЧІ-14

Қазақстан – Швеция – 0:11Астана«Астана-Арена»
300 голМ.ВешовичД.Лория01.09.2017

ӘЧІ-18

Қазақстан – Қаратау – 0:331Астана«Астана-Арена»

Тізімнен байқағандарыңыздай, УЕФА-ға мүше болған 15 жыл ішінде Қазақстан құрамасы 300-ден астам гол жіберген. Д.Лория мен А.Сидельников атаулы голдарды екі реттен өткізіп алса, ондай голдардың соңғы төртеуі өз алаңдарымызда қақпада тулапты. «Астана-Аренада» қақпамызға 200, 250 және 300-голдар соғылған.

УЕФА-ға кіргелі атаулы голдар жіберіп алу мерзімі де жиілеген. 100 және 150 голдар аралығында — 2 жыл, 8 ай, 11 күн; 150 және 200 голдар аралығында — 9 күні кем 3 жыл; 200 және 250 голдар аралығында — 3 жыл, 1 ай, 1 апта; 250 және 300 голдар аралығында 3 жыл, 10 ай, 22 күн өткен.