2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу. Е тобы
Қазақстан – Дания – 1:3 (И.Қуат, 76 – Н.Йоргенсен, 27, К.Эриксен, 51-пенальтиден, К.Дольберг, 81)

Бұл матчта Қазақстан қақпасына құрама тарихындағы 27-пенальти белгіленіп, 21-пенальти енгізілді.

К.Ериксен — Қазақстан қақпасына белгіленген 2 пенальтиді де қатесіз соққан екінші футболшы. Бұған дейін Ирландия құрамасының шабуылшысы Р.Кин 2012 және 2013 жылғы 2 кездесуде 2 пенальтиді мүлтіксіз тепкен еді.

Жалпы, Қазақстан қақпасына 2 рет пенальти тепкен футболшылар — төртеу. Кин мен Ериксеннен бөлек, ондай мүмкіндікке А.Әбдурайымов (Өзбекстан) және Б.Йылмаз (Түркия) ие болған еді. Бірақ олар 1 реттен қателесті.

УЕФА-ға мүше болғалы Қазақстан қақпасына 21 пенальти белгіленіп, оның 16-сы соғылды.

Қақпашылар ішінде пенальти қайтару шебері — Д.Лория. Ол С.Овсепянның (Армения) және Г.Деметрадзенің (Грузия) 11 метрлік айып добын қайтарды. Өз қақпасына 3 пенальти жіберіп алды (П.Погребняк, Р.Біләлетдинов — Ресей, Ериксен — Дания).

Екінші жақсы көрсеткіш А.Мокинге тиесілі. Ол қақпамызды қорғағанда 6 пенальти белгіленіп, соның 4-і соғылды. Мокин Е.Рамазановтың (Әзербайжан) соққысын қайтарды, ал Б.Йылмаз (Түркия) бағанға тепті. Мокин Б.Йылмаздың (Түркия), М.Шүкіровтің (Әзербайжан), Ф.Лемпардтың (Англия) және Р.Ван Персидің (Голландия) тепкен пенальтиіне тосқауыл қоя алмады.

Қайтарылған және бір пенальти А.Моревтің еншісінде. Ол 2004 жылдың 9 қазанында түрік шабуылшысы Ф.Теккенің пенальтиін қақпаға енгізген жоқ (Түркия — Қазақстан — 4:0).

Ал 1992 жылдың 14 қазанында Орта Азия кубогы аясында өткен Өзбекстан — Қазақстан (1:1) кездесуінде өзбек шабуылшысы А.Әбдурайымов 27 минутта В.Кафанов қорғаған қақпаға пенальтиді дәл соқты, ал 73 минутта Кафанов Әбдурайымовтың пенальтиін қайтарды.

Ю.Новиков қорғаған қақпаға қарсыластар — 4 (әл-Хаил — Ирак, аБорг — Фарер, Кржыновек — Польша, Землинский — Латвия), А.Сидельниковқа — 2 (В.Глеб — Беларусь, Р.Кин — Ирландия (2), С.Покатиловқа — 2 (Левандовски — Польша, Ериксен — Дания), В.Логиновскийге — 1 (Симмонс — Бельгия), О.Воскобойниковқа — 1 (Тихонов — Өзбекстан), Ю.Ишутинге — 1 (Хилал — БАӘ), В.Циринге 1 (Хассан Аюб — Ливан) пенальти соқты.

2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу аясындағы 6 кездесуде Қазақстан қақпасына 3 пенальти белгіленіп, үшеуі де (Р.Левандовски — 1, К.Ериксен — 2) соғылды.

Р.Кушпелевтің фотосы (vesti.kz)