Қазақстан кубогы
1/2 финал. Алғашқы матчтар
24 мамыр

«Шахтер» — «Атырау» — 1:0 (Тәжімбетов, 17)
«Шахтер» финалға қадам жасады. Соңғы рет кеншілер 2013 жылы кубоктың финалында ойнап, «Таразды» 1:0 есебімен жеңген болатын.
Шабуылшы Дәуренбек Тәжімбетов Қазақстан кубогы ойындарында өзінің 20-голын енгізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Нұркен Мазбаевпен және Олег Литвиненкомен теңесті. Ал Қазақстан кубогының бас мергендері Андрей Финонченко мен Мұрат Тілешевке (23 голдан) жету үшін Дәуренбек әлі 3 рет қақпаларды дәл көздеуге тиіс.

«Ордабасы» — «Қайрат» — 0:0
Бұл жұптың жеңімпазын анықтау мәселесі 21 маусымдағы қарымта ойынға қалдырылды. «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов 70 минутта алаңнан қуылды. Ол осылайша биылғы маусымда екінші рет қызыл қағаз алып отыр. Бұған дейін Ахметов 12 наурыздағы «Қайрат» — «Оқжетпес» кездесуінің (ҚПЛ, 2 тур) 52 минутында алаңнан қуылды.