Қазақстан премьер-лигасы
7 тур. 16 сәуір
«Шахтер» — «Тобыл» — 1:1 (Тәжімбетов, 47 — Скорых, 45+3-өз қақпасына)

Естеріңізде болса, 6 турдан кейін «Скорых — автогол рекордшысы» деген материал жариялап едік. Онда «Шахтер» қорғаушысы Сергей Скорыхтың өз қақпасына биылғы маусымда 2 автогол соғып алғанын әңгіме еткенбіз. Апта айналмай жатып Скорых «өз рекордын» жаңартты. Сөйтіп, бір маусымда өз қақпасына 3 гол енгізіп алған Қазақстандағы бірінші футболшы болып отыр.

Белгілі футбол жылнамашысы Думан Балықбаев мұрағаттарды ақтарып отырып, автоголдарға қатысты мынадай деректерді аршыпты. Біз бұл мәліметтерді kazfootball.kz порталынан алдық.

Бір маусымда 3 автогол жасаған футболшы — Сергей Скорых («Шахтер», 2017)
Бір маусымда 2 автогол жасаған футболшылар —  Юрий Асосков («Яссы», 1993), Андрей Ерохин («Атырау», 2007), Борис Поляков («Жетысу», 2008), Владислав Чернышов («Иртыш», 2011).

26 жыл ішінде Қазақстан чемпионаттарында 175 автогол соғылған.

Автогол «рекордшылары»:
3 – Павел Евтеев («Восток-Әділ», «Шахтёр») Олег Лотов («Болат», «Шахтёр», «Тобыл») Сергей Скорых («Шахтёр»)
2 – Юрий Асосков («Яссы»), Марат Сарсенов («Целинник», «Қайсар-Мұнай»), Марат Мұхамедғалиев («Мұнайшы», «Нарын»), Әсет Мұхаметкәрімов («Қайрат»), Евгений Захарченко («Оқжетпес»), Арслан Сатыбалдин («Окжетпес»), Андрей Ерохин («Атырау»), Борис Поляков («Жетісу»), Антон Чичулин («Жеңіс», «Ақтөбе»), Владислав Чернышов («Ертіс»), Ренат Абдулин («Қайрат», «Атырау»),Виктор Дмитренко («Астана»), Александр Симчевич («Ордабасы»).