Қазақстан премьер-лигасы
5 тур. 12 сәуір
«Ертіс» — «Тараз» — 5:2 (Фонсека, 20, Дарабаев, 53, 64 , Әлиев, 76, Джедже, 82 – Мұхаметшин, 17, Фещук, 66)
Қарағанды футболының түлегі Аслан Дарабаев өзінің үлкен футболдағы 30-голын соқты.
30 доптың:
23-і — Қазақстан премьер-лигасында;
6-сы — Қазақстан кубогында;
1-і Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде енгізілді.
Дарабаев үлкен футболға «Шахтер» сапында 2008 жылы келді. 21 жасқа дейінгі футболшылар санатында негізгі құрамға бірден ілініп, кейін «Ақтөбе, «Атырау», «Қайрат» командаларында ойнады. Мергендік рекорды 2014 жыл еншісінде. Бұл маусымда ол «Қайрат» құрамында премьер-лигада — 8, ел кубогында — 3, еурокубокта 1 гол соқты.
Дарабаев биыл «Ертіске» ауысып, 7 матчта 3 гол соғып отыр.