Қазақстан премьер-лигасы
6 тур. 12 сәуір
«Атырау» — «Шахтер» — 3:3 (Саломов, 28, Обшивач, 77, Скорых-автогол, 83 — Тәжімбетов, 11, Р.Хайруллин, 30, Өміртаев, 90+1)
«Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Ринат Хайруллин Қазақстан премьер-лигасындағы тұңғыш голын соқты. «Астана» футбол клубының тәрбиеленушісі 2014 жылы елордалықтар сапында дебютін өткергенімен, онда негізгі құрамға кіре алған жоқ. 2015 жылы — «Жетісудың» (Талдықорған), 2016 жылы «Спартак» (Юрмала, Латвия) және «Единство» (Биело-Поле, Қаратау) командаларының намысын қорғады.
Үлкен футболдағы алғашқы голын 2015 жылдың 27 мамырында Латвия чемпионатында «Даугава» командасының қақпасына («Даугава» — «Спартак» — 0:2) 40 минутта соғып, есепті 0:2-ге жеткізді. Биыл «Шахтер» сапында 5 ойынға қатысты.