Қазақстан премьер-лигасы
6 тур. 12 сәуір
«Атырау» — «Шахтер» — 3:3 (Саломов, 28, Обшивач, 77, Скорых-автогол, 83 — Тәжімбетов, 11, Р.Хайруллин, 30, Өміртаев, 90+1)
«Шахтер» шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов премьер-лигадағы 55-голын соқты. Бқл көрсеткіш бойынша ол Қазақстан чемпионаттары тарихында 43-орынға көтеріліп, А.Нұрғалиев, И.Авдеев, Р.Гумар, А.Ваганов секілді футболшылармен теңесті.
Тәжімбетов премьер-лигада 295 матч өткізді.
Оның 55 голы мына командалар сапында соғылды:
1. «Қайсар» — 16 гол (121 матч)
2. «Ордабасы» — 32 (133)
3. «Тараз» — 2 (15)
4. «Шахтер» — 5 (22)
5. «Астана» — 0 (4)
Футболдағы ғұмырында Д.Тәжімбетов барлығы 77 гол соқты. Оның 55-і — премьер-лигада, 19-ы — Қазақстан кубогында және 3-і ұлттық құрама сапында соғылды.