УЕФА баспасөз қызметі 2018 жылдың қыркүйек айында басталатын Ұлттар лигасы топтық турнирінің алдын ала құрамын жариялады.
Турнирде 55 құрама А, В, С және D дивизиондарына бөлінеді. Олар 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша УЕФА рейтингіндегі орны арқылы орналастырылады.
А тобына — рейтингі жоғары 12 құрама, В тобына — одан кейінгі 12 команда, С тобына — одан рейтингі төмен 15-і, ал соңғы топқа (D) ең төменгі рейтингке ие 16 құрама енеді.
Ұлттар лигасында көрсеткен нәтижесіне қарай құрамалар төмендеп я жоғарылап отырады. Лигада көрсеткен нәтижелер бойынша құрамалар келесі ірі турнирлердің іріктеу кезеңінде топтарға бөлінеді.
УЕФА-ның ұлттық құрамаларға арналған уақытша рейтингі ӘЧІ-2018 турнирінің өткен жылғы күзгі матчтарының қорытындысы бойынша жасалды. Әзірше 4 дивизионның уақытша құрамы мынадай:
А дивизионы (үш-үш құрамадан 4 топ): Германия, Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Англия, Швейцария, Италия, Хорватия, Польша, Исландия, Босния және Герцеговина;
В дивизионы (үш-үш құрамадан 4 топ): Ирландия, Ресей, Австрия, Швеция, Словакия, Уэльс, Украина, Голландия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Түркия, Венгрия;
С дивизионы (үш құрамадан жасақталған 1 топ және төрт-төрт құрамадан 3 топ): Грекия, Румыния, Словения, Израиль, Сербия, Дания, Болгария, Албания, Шотландия, Қаратау, Норвегия, Литва, Әзербайжан, Кипр, Армения;
D дивизионы (төрт-төрт құрамадан 4 топ): Эстония, Финляндия, Беларусь, Грузия, Фарер, Латвия, Македония, Қазақстан, Молдова, Люксембург, Лихтенштейн, Косово, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар.
Ұлттар лигасының жеңімпазы 2019 жылдың маусым айында үздік 4 құраманың финалдық сынында анықталады.