Ертең футболдан Қазақстан құрамасы Ларнака қаласында Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл қос қарсылас арасындағы екінші матч болмақ. 2004 жылы Кипр футбол федерациясының  VIII халықаралық турнирінде Кипр мен Қазақстан 5-6 орындар үшін алаңға шыққан болатын. Матч статистикасы мынадай:
КИПР — ҚАЗАҚСТАН — 2:1 (2:0)
Голдар: Хараламбидис, 2 (1:0), Михаил, 9 (2:0), Узденов, 70 (2:1)
КИПР: Шимитрас, Н.Николау, Оккаридес, Антониу, Сациас, Ламбру, Михаил, М.Николау, Г.Николау, Крассас, Хараламбидис
ҚАЗАҚСТАН: Бойченко (Новиков, 18), Артемов, Сымақов, Аксенов, Ляпкин (Мұқанов, 46), Ловчев, Жұмасқалиев, Карпович, Мусин, Богомолов (Узденов, 63), Бөлешев (Финонченко, 86)
21.02.2004. Лимассол (Кипр). «G.S.Z.» стадионы. 300 көрермен

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы УЕФА аясындағы 8-матчын өткізген-ді.

Жалпы, құрама тарихында осы кездесу 63-матч болатын.

Кипр  Қазақстанға қарсылас атанған 8-қарсылас болды. Бұған дейін отандастарымыз Эстония, Латвия (2 рет), Португалия, Польша, Фарер (2 рет), Мальта, Армения құрамаларымен жолдастық кездесулер өткізді.

Матчта есеп ашқан Константинос Хараламбидес алдағы кездесуге де шақырылып отыр. Ардагер футболшы бұдан кейін де қазақстандықтарға бір рет қарсылас болды: 2015 жылдың 26 тамызында Чемпиондар лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде Хараламбидес АПОЭЛ — «Астана» кездесуінің 55-минутында Константинос Макридисті алмастырды.

Алдағы матч ресейлік маман Александр Бородюктің Қазақстан құрамасындағы алғашқы кездесуі болады.