Бүгінгі қарсыластардың бұрынғы текетіресі

«Оқжетпес» — «Тобыл»
36 кездесуде «Оқжетпес» 7 рет қана жеңген. 9 ойын тең нəтижемен аяқталған.  «Тобыл» 20 матчта басымдық танытқан.  Доп айырмасы — 29:59. 2016 жылы бұл қарсыластар Көкшетауда 11 турда кездесіп, ойын тең (1:1) аяқталды. Нганбе 16 минутта соққан допқа Хижниченко 88 минутта қарымта қайтарып, «Тобылға» 1 ұпай алып берді.

«Ақтөбе» — «Ордабасы»
Өзара 43 кездесуде ақтөбеліктердің бəсі жоғары. Олар 24 матчта жеңіске жетіп, 13 ойында тең түсті. «Ордабасы» 6 кездесуде басым болды. Доп айырмасы — 66:35. Шымкенттіктер Ақтөбеде жеңіп көрмеген. Өткен маусымда бұл клубтар Ақтөбедегі алғашқы кездесуін голсыз (0:0, 22 тур) өткізді.

«Атырау» — «Ертіс»
Бұл ойын — қос қарсыластың Атыраудағы 21-кездесуі. Алаң иелері 9 кездесуде жеңіп, 7 рет ұтылған. 4 ойында жеңімпаз анықталмаған. Жалпы, «Атырау» мен » Ертіс» бас лигада 40 рет жолықты. Керекуліктердің басымдығы айқын: олар 21 кездесуде «мұнайшыларды» соқыр ұпайсыз жіберген, 10 рет жеілген, ал тең нəтиже — 9. «Ертіс» өткен жылғы Атырау алаңындағы кездесуінде жеңіске жетті (0:1, Муртазаев, 50, 12 тур).

«Шахтер» — «Қайсар» 
39 кездесу: «Шахтер» жеңісі — 16, «Қайсардікі» — 14,  тең ойын — 9. Доп айырмасы — 43:31. Қарағандыдағы өзара кездесуін бүгінгі қарсыластар 2015 жылы 21 наурызда, 4 турда өткізді. Бұл матчта қызылордалықтардың асығы алшысынан түсті — 2:1.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here