Қазақстан премьер-лигасы. 1 тур
«Ордабасы» — «Астана» — 3:0 (Төлебек, 15, Нұрғалиев, 74, Диакате, 88)

«Ордабасы» командасының жартылай қорғаушшысы Мардан Төлебек бұл матчта чемпионды тізерлету операциясын бастап қана қоймай, өз ғұмырындағы елеулі нәтижеге қол жеткізді. 
Ол қатарынан төртінші голын айып соққысынан енгізіп отыр.
2016 жылы М.Төлебек «Тобылдың» (2:2), «Қайраттың» (2:2) және «Ақтөбенің» (2:1) қақпасына айып соққысын шебер орындаған болатын. Ал кеше оның айып алаңының сыртынан жасаған тура соққысын Ненад Ерич қайтармақ түгілі, орнынан қозғалып та үлгермеді.

Ең қызығы, Мардан үлкен футболда 7 гол соқса,  соның барлығын сол аяғымен енгізген. Оның Қазақстан премьер-лигасында — 6, Қазақстан кубогында 1 голы бар.

Және бір қызық мәлімет: М.Төлебек осы 7 голының алтауын І таймдарда таблоға жазған. Демек, шымкенттік футболшы алаңға 1 минуттан шықса, өте қауіпті деуге болады.

М.Төлебектің «Астана» қақпасына соққан голы: