Ресей-2018. Еуропа. Іріктеу кезеңі. Е тобы.
Қазақстан — Румыния. 11.10.2016 ж. Астана. «Астана-Арена» стадионы
* Румыния — Қазақстан құрамасының УЕФА-дағы 36-қарсыласы.
* Бұған дейін екі құрама ешқашан кездесіп көрмеген.
* Қазақстан құрамасы өз тарихында өткізген 173 кездесуде ФИФА-ға мүше 64 құрама қарсылас болған. Румыния — 65-ші. Таратып айтсақ, Қазақстан құрамасы Еуропадан — 36 (бүгінгі Румыниямен қосқанда), Азиядан — 27, Африкадан 2 елмен жасыл алаңда кездескен.
* УЕФА мүшелері ішінде Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина, Гибралтар, Израиль, Испания, Италия, Косова, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Норвегия, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Словакия, Словения, Уэльс, Швейцария, Шотландия, Франция құрамаларымен кездесіп көрген жоқ.
* Қазақстан құрамасы әлем біріншіліктерінің 6 іріктеу кезеңіне қатысты.
* 2 рет — Азиядан, 4 рет Еуропадан әлемдік доданың жолдамаларына таласты.
* Әзірше ең жоғары нәтижесі — 1997 жылы іріктеудің шешуші кезеңіне шығуы.
* Әлем чемпионаттарына іріктеу кезеңдері аясында Қазақстан құрамасы барлығы 52 кездесу өткізген. Оның 13-інде жеңіске жетіп, 8 рет тең ойнап, 31 ойында жеңілген. Доп айырмасы — 67:109.
* Азия құрлығынан (АФК) әлем біріншілігінің іріктеу кезеңдерінде Қазақстан 18 кездесуге қатысты. Нәтижесі: 9 жеңіс, 5 тең ойын, 4 жеңіліс, доп айырмасы — 42:23.
* УЕФА-дағы іріктеу матчтарының саны — 34. Нәтиже: 4 жеңіс, 3 тең ойын, 27 жеңіліс, доп айырмасы — 25:86.
* Қазақстан құрамасының осы іріктеу кезеңдеріндегі бас мергендері — Р.Балтиев пен С.Хижниченко (5 голдан). Р.Балтиев 1997 жылы — Өзбекстанға 1 гол, 2001 жылы — Непалға — 2, Иракқа 1 гол, 2009 жылы Андорраға 1 гол соқты. Хижниченко — 2009 жылы 3 гол (2 — Андорра, 1 — Хорватия), 2016 жылы 2 гол (2 — Польша). Әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде мергендігімен танылған В.Зубарев пен О.Литвиненконы (4 доптан), С.Остапенконы (3 гол) мергендер тізіміне қосуға болады.
* Әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде Қазақстан қақпасына ең көп доп соққан футболшылар — Чой Йон Су (Оңтүстік Корея), Фатих Текке (Түркия), С.Назаренко (Украина) мен Т.Калачев (Беларусь). Бұл мергендердің бәрі Қазақстан құрамасының қақпасына 4 голдан соқты. Чой Йон Су 1997 жылғы алғашқы матчта хет-трик жасаса (3:0), Алматыдағы қарымта кездесуде (1:1) есеп ашты. Бұдан кейінгі 3 футболшы да 2 матчта қос-қос дубльмен көзге түскен екен. Ф.Текке 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ыстамбұлда да (4:0), Алматыда да (6:0) таблоларға есімін екі реттен жазып кетті. С.Назаренко 2010 жылғы мундиальға іріктеу кезеңіндегі қос матчта (3:1, 2:1) Д.Лория мен А.Мокин қорғаған қақпамызды 4 рет дәл көздеді. Екі матчта да ол дубль авторы атанды. Ал Т.Калачев дәл осы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының қақпасына 2 ойында да қос-қостан гол тоғытып, Беларусь құрамасының 5:1 және 4:0 есептерімен ірі жеңіске қол жеткізуіне зор үлес қосты.