Бүгінгі Қазақстан — Румыния матчына 41 жастағы португал қазысы Мануэл де Соуза төрелік етеді.
Оның толық аты-жөні — Жорже Невеш Морейра де Соуза Мануэл. 1975 жылдың 18 маусымында дүниеге келген.
Мануэл де Соуза 2006 жылдың жазында УЕФА кубогының алғашқы іріктеу кезеңінде өткен «Базель» (Швейцария) — «Тобыл» кездесуіне төрелік етті. Бұл матчта «Базель» 3:1 есебімен жеңіске жетті. М.де Соуза ойын барысында қостанайлықтардың 4 футболшысына ескерту қағазын көрсетті, Данияр Мұқанов айып алаңында қолмен ойнағаны үшін «Тобыл» қақпасына пенальти белгіледі.
Биыл де Соуза іріктеу мачтарына бірінші рет бас төреші болып қызмет етпек. Ол қыркүйек айындағы Литва — Словения (2:2) матчында қосалқы төреші міндетін атқарды. Соңғы сүбелі жұмысы — Чемпиондар лигасының топтық турниріндегі «Динамо» З — «Ювентус» (0:4) ойыны.
Жалпы португалиялық төрешілер Қазақстан құрамасы қатысқан ойындарда 2 рет бас қазы болды. Екеуінде де біздің команда Украинаға қарсы ойнап, жеңіліс дәмін татыпты:
1. Педру Проенса. 08.09.2004 ж. Алматы. ӘЧІ-06. Қазақстан — Украина — 1:2 (А.Карпович, 35 — Белик, 14, Ротань, 90+1)
2. Бруну Пайшау. 10.06.2009 ж. Киев. ӘЧІ-10. Украина — Қазақстан — 2:1 (Назаренко, 33, 47 — Нөсербаев, 19)