«Астана» — «Янг Бойз» матчы қарсаңында назар аударатын қызықты мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз:
1. «Астана» бұған дейін еурокубоктарда Швейцария клубтарымен ойнап көрген жоқ. 2006 жылы «Тобыл» УЕФА кубогының І іріктеу кезеңінде «Базельмен» кездесіп, 1:3, 0:0 есептерімен жол берді.
2. «Астана» — басты еурокубоктардың топтық турнирінде ойнаған әзірше жалғыз отандық клуб. Өткен жылы елордалықтар Чемпиондар лигасының топтық турнирінде сынға түссе, биыл Еуропа лигасына жолдама алды. Еуропа лигасының топтық сынында астаналықтарға дейін 2013/14 маусымында «Шахтер» (Қарағанды) ойнап, 2 ұпай жинады. «Астана» бір ғана матч өткізіп, әзірше ұпай алған жоқ.
3. «Астана» «Янг Бойзға» қарсы өзінің еурокубоктардағы 30-матчын өткізеді. Бұл көрсеткіш бойынша олар «Шахтермен» теңеседі. Қазақстан командаларының ішінде еурокубоктарда ең көп алаңға шыққан — «Ақтөбе» (46 матч). Сапалық құрамы жағынан «Астана» еліміздің басқа клубтарынан әлдеқайда алда. Мысалы, «Ақтөбе» 11 жыл бойы еурокубоктарға қатысса, «Шахтер» 7 рет бақ сынап көрді. «Астана» еурокубоктарда бар-жоғы 4-маусым ойнап жатыр. Алғашқы маусымда ғана (2013/2014) астаналықтар екі матчпен шектелсе («Ботев» — 0:5, 0:1), одан бергі үш маусымда кемі 8 матч өткізіп жүр. Осы маусымда Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, «Астана» бір маусымдағы еурокубок матчтарының саны бойынша рекорд жасайды. Қазіргі рекорд — 12 матч (2015/2016).
4. Д.Шомко да өзінің еурокубоктардағы 30-кездесуінде алаңға шығады. Ол «Ертістің» және «Астананың» сапында еурокубоктарға қатысты. Жалпы Қазақстан командалары сапында еурокубок ойындарын ең көп өткізген футболшылар мыналар:
1. М.Хайруллин («Ақтөбе») — 40 ойын;
2. Х.Р.Каньяс («Шахтер», «Астана») — 38;
3. А.Сидельников («Ақтөбе», «Ордабасы») — 36;
4. Ю.Логвиненко («Ақтөбе», «Астана») — 35;
5. П.Бадло («Тобыл», «Ақтөбе») — 35;
6. С.Сымақов («Қайрат», «Ақтөбе») — 34;
7. Е.Кенжесариев («Ақтөбе») — 33;
8. Д.Шомко («Ертіс», «Астана») — 29;
9-10. Н.Ерич («Астана») — 25;
9-10. А.Джидич («Шахтер») — 25.
5. П.Твумаси мен Х.Р.Каньяс осы матчта мергендік танытса, қазақстандық командалардың еурокубоктардағы мергендер көшінде IV орынға шыға алады. Д.Шомко да бір саты алға жылжуы мүмкін. Қазіргі мергендер ондығы мынадай:
1. С.Сымақов («Қайрат», «Ақтөбе») — 8 гол;
2-3. Ж.Гоу («Қайрат»), Н.Жұмасқалиев («Тобыл») — 7-ден;
4-5. М.Тілешев («Ертіс», «Ақтөбе») — 6-дан;
6-9. А.Финонченко («Шахтер»), Б.Жолшиев («Астана»), П.Твумаси («Астана»), Х.Р.Каньяс («Шахтер», «Астана») — 5-тен;
10-13. Д.Шомко («Астана»), С.Хижниченко («Шахтер»), Т.Кападзе («Ақтөбе»), Ұ.Қонысбаев («Шахтер») — 4-тен.
6. Бас бапкер Станимир Стойлов «Астананы» еурокубоктардағы 28-ойынға бастап шықпақ. Бұл көрсеткіш бойынша ол Виктор Кумыковты қуып жетеді. Кумыков 2011-2015 жылдар аралығында «Шахтер» және «Ордабасы» командаларының бас бапкері ретінде 28 ойынға қатысқан болатын. Бұл санаттағы рекорд иесі — В.Муханов. Ол «Тобыл» және «Ақтөбе» командаларын 2003-2012 жылдар аралығында 34 еуроматчта баптады.