Қазақстан премьер-лигасының 25 турында күтпеген нәтижелер де, әдемі голдар да, фавориттердің сәтсіздігі — де бәрі-бәрі болды. Рет-ретімен қарайық.
Аутсайдерлер кездесуіндегі («Ақжайық» — «Тараз» — 2:0) оралдықтардың екі голы да өте көркем болды:


Дяктың тамаша слаломын Хижниченко оң аяғының күшті соққысымен аяқтады («Тобыл» — «Шахтер» — 2:0):

Қақпашының қателігін кешірмеген Хижниченко бұл матчта дубль жасады:

Трытко «даяр асқа — тік қасық» бола кетті («Атырау» — «Жетісу» — 3:3):

«Жетісудың» армениялық легионері Бегларянның голы да әдемі («Атырау» — «Жетісу» — 3:3):

Андрей Шабановтың мына қателігі «Жетісуды» ұпайсыз қалдыра жаздады:

Гейнрихтің «парашюті» «Қайратты» қайран қалдырды («Ордабасы» — «Қайрат» — 2:1):

Исламбек Қуатқа оң не, сол не — бәрібір, сәтті қапы жібермейді («Ордабасы» — «Қайрат» — 2:1):

Марцваладзенің соққысынан көз жазып қалған қақпашы, әрине, кінәлі: