Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) өзінің ресми сайтында 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында өнер көрсеткен 16 спортшыны айыпқа жығып, олардың нәтижесін есептен шығарғанын мәлім етті.

Бұл шешім спортшылардың допинг-сынамасы қайта қаралғаннан кейін қабылданды.

Өкінішке қарай, тізімде біздің 5 отандасымыз бар. Олар:

1.Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі) – қола жүлде

2.Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі) – қола

3.Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі) – жарысқа қатысқан жоқ

4.Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі) – күміс жүлде

5.Владимир Седов (ауыр атлетика, 85 келі) – IV орын.

Қазақстандық спортшылар туринабол және станозолол препараттарын пайдаланды деп айыпталды.

Қара тізімде Ресейден – 4 спортшы, Украинадан – 3, Әзербайжаннан – 2, Беларусьтан – 1 және Грекиядан 1 спортшы бар:

6.Хасан Бароев (Ресей, грек-рим күресі, 120 келі) – күміс

7.Қажымұрат Аққаев (Ресей, ауыр атлетика, 94 келі) – қола

8.Дмитрий Лапиков (Ресей, ауыр атлетика, 105 келі) – қола

9.Елена Слесаренко (Ресей, биіктікке секіру) – IV орын

10.Денис Юрченко (Украина, сырықпен секіру) – қола

11.Наталья Давыдова (Украина, ауыр атлетика, 69 келі) – қола

12.Вита Паламарь (Украина, биіктікке секіру) – V орын

13.Низами Пашаев (Әзербайжан, ауыр атлетика, 94 келі) – V орын

14.Виталий Рахимов (Әзербайжан, грек-рим күресі, 60 келі) – күміс

15.Ирина Кулеша (Беларусь, ауыр атлетика, 75 келі) – IV орын

16.Хрисопия Деветци (Грекия, үш секіру) – қола.

Деветцидің қола жүлдесі отандасымыз Ольга Рыпаковаға бұйыратыны бұрынырақта айтылған еді. Енді ресми мақұлданып отыр. Ал В.Рахимов олимпиаданың жартылай финалында Нұрбақыт Теңізбаевтан басым түскен. Оның күміс жүлдесі Нұрбақытқа бұйыруы мүмкін деген әңгіме де шығып жатыр.