Қазақстан премьер-лигасы

10 наурыз

«Қайсар» — «Атырау» — 0:1 (Мәжитов, 2)

Қонақтар екінші минутта есеп ашқан соң, «Қайсар» тайлы-тұяғымен алға ұмтылды. Соның нәтижесінде:

  • шабуылшы Тигран Барсегян 18 минутта — «Атырау» қақпасының маңдайшасына;
  • жартылай қорғаушы Асқат Тағыберген — қақпа бағанына;
  • жартылай қорғаушы Марат Хайруллин қақпа маңдайшасына тура соққы жасады.

Бір ойында қақпа жақтауларына үш рет дәл тебу оқиғасы 2018 жылғы маусымның 9 турында (09.05.2019 ж) «Астана» — «Қызылжар-СҚ» (2:0) кездесуінде тіркелген еді. Бұл ойында астаналық жартылай қорғаушы Марин Томасов қақпа бағанын — екі рет, шабуылшы Алексей Щеткин бір рет тура көздеді.

Жалпы, 2018 жылы қақпа жақтауларына дәл осы «Астана» ойыншылары тура соққыны көп жасады. Чемпион команданың 6 футболшысы маусым бойы 18 соққыны жақтауларға бағыттады. Ең жолы болмаған футболшы — Джордже Деспотович. Сербиялық шабуылшының 5 соққысы өткен жылы қақпа жақтауларынан кері серпіліпті.

2018 жылы 56 соққы — қақпа маңдайшасына, 50 соққы бағанға тиген.

(«Қайсар» ФК фотосы)