Ньон қаласында (Швейцария) Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі де тартылды. Англияның – 5, Испанияның 3 командасы осы кезеңге шығып, клубтық футболда Кәрі құрлықта кім мықты екенін анық танытқандай еді. Джорджио Маркетти мен биыл ғана футболдан қол үзген әлем чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы Хаби Алонсо мынадай жұптарды түзіп шықты:
«Ювентус» (Италия) – «Тоттенхем» (Англия)
«Базель» (Швейцария) – «Манчестер Сити» (Англия)
«Порту» (Португалия) – «Ливерпуль» (Англия)
«Севилья» (Испания) – «Манчестер Юнайтед» (Англия)
«Реал» (Испания) – ПСЖ (Франция)
«Шахтёр» (Украина) – «Рома» (Италия)
«Челси» (Англия) – «Барселона» (Испания)
«Бавария» (Германия) – «Бесіктас» (Түркия)
Алғашқы ойындар — 13/14 ақпанда, қарымта матчтар 20/21 ақпанда өткізіледі.
«Реал» мен ПСЖ-ның қарсылас болғаны аса қызықты. «Реал» – Чемпиондар лигасын соңғы екі маусымда қатар ұтқан суперклуб. ПСЖ болса, әлемдегі кез келген үздік футболшыны сатып алатын күші бар екенін дәлелдеді.
«Челси» мен «Барселона» бұл жолы ерте жолығатын болды. 2000 жылдардан бері екі суперклуб Чемпиондар лигасында 6 рет кездесіп, 12 матч қорытындысында «Челси» — 3 рет, «Барселона» 2 рет келесі кезеңге шықты. Топтық турнирдегі 2 кездесуде де «ақсүйектердің» алымы басым.
Чемпиондар лигасының 2018 жылдың 26 мамырында Киевте (Украина) өтеді.