Серік Қантай
Волейболдан қыздар арасында Өскеменде Қазақстан кубогы мәреге жетті. Соңғы екі жылдағы ел чемпионы «Алтай» клубы өз тарихында бірінші рет кубокты жеңіп алды. Финалдық ойында павлодардың «Ертіс-ҚазХром» клубынан басым түсті.
Светлана Котова жаттықтыратын «Ертіс-ҚазХром» командасы жыл сайын тұрақты түрде финалға шығуды дағдыға айналдырғандай. 2015 және 2016 жылдары ел чемпионы «Алтайға» кубокты ұстатпаған да осы – павлодарлық клубтың ойыншылары. Оның алдында жеті дүркін ел чемпионы «Жетісуға» қайрат көрсетіп жүретін. Айта кету керек, Светлана Котова легионерлерді оның ішінде диагональды шабуылшыларды жақсы таңдайды. 2015 жылы – Катерина Попова, Наталья Жданкина, 2016 жылы Кристина Карапетян, Екатерина Болатова болса, биыл Наталья Фролова мен Анастасия Азанованың шеберлігіне жанкүйерлер риза болды.

Биыл да «Ертіс-ҚазХром» талайды сабасына түсіретіні анық. «Ертіс-ҚазХром» финалдық кездесуде өскеменнің «Алтай» клубынан 2:3 (23:25, 25:20, 26:24, 14:25, 11:15) есебімен жеңілді.
Құрамы кіл үздіктерден тұратын «Алтай» биылғы маусымға тас-түйін дайын. «Алтайдың» екінші құрамы кубокты төртінші орынмен аяқтады. Үшінші орын үшін болған кездесуде «Жетісудан» 0:3 (36:38, 19:25, 12:25) нәтижесімен ұтылды. Бір сетте сирек жолығатын есеп – 38:36 есептері тіркелді. Ұлттық құраманың бапкері, қосымша «Жетісуды» жаттықтырып жүрген Вячеслав Шапран өзінің командасының осы жолғы нәтижесіне көңілі толмады. Жақында ғана Қазақстанның азаматшасы атанған Кристина Карапетян, Екатерина Попова («Жетісу» Талдықорған), Роблес Батиста («Алтай» Өскемен) Халықаралық волейбол ұйымының рұқсатнамасының кешігуіне байланысты ресми ойындарға тыйым салынған. 2018 жылы Жапониядағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сайдың тасындай ойыншылармен баратынын осы тұстан білуге болады. Турнирдің үздік ойыншылары болып Сана Анарқұлова («Алтай»), Анна Тарасова («Ертіс-ҚазХром») және Людмила Малафеева («Жетісу») танылды.
Волейболдан Қазақстан Кубогының иегерлері:
«Астана қанаты» — 1999
«Рахат» (Алматы) – 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2007
«Жетісу» (Талдықорған) – 2006, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014
«Ертіс ҚазХром» (Ертіс) – 2015, 2016
«Алтай» (Өскемен) – 2017.