Испания ла-лигасы
«Барселона» — «Ейбар» — 4:2
«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының бас мергені атанды. Ол 34 ойында 37 гол соқты. Екінші орында — Луис Суарес («Барселона», 29), үшінші орында — Криштиану Роналду («Реал», 25)
Месси мұның алдында 4 жыл бұрын, 2012/13 маусымында Ла-лиганың бас мергені атанған болатын (46 гол).

Испания ла-лигасы
«Малага» — «Реал» — 0:2
«Реал» 5 жыл үзілістен кейін Испания чемпионы атанды. Мұның алдында бұл команда 2011/12 маусымында өзгелерден қара үзген болатын. Корольдік клуб 33-рет ел чемпионы атағына қол жеткізіп отыр. Бұл — Испанияның рекорды.
Ал Криштиану Роналду «Малагамен» кездесудің 2 минутында гол соғып, биылғы маусымдағы голдар санын 40-қа жеткізді. Оның 25-і — испан примерасында, 10-ы — Чемпиондар лигасында, 4-і — клубтық әлем чемпионатында, 1-і Испания кубогында соғылған.
Криштиану Роналду 7 маусым қатарынан соққан голдар санын кемі 40-қа жеткізіп отыр.
«Реал» клубтық рекордын да жаңартты. Чемпиондар примерасның барлық турында гол соқты. Мұндай жетістікке бұрын «Валенсия» 1943/44 маусымында, «Барселона» 2012/13 маусымында қол жеткізген еді.

Ағылшын премьер-лигасы
«Челси» — «Сандерленд» — 5:1
Чемпиондық ойында «Челси» маусымдағы 30-жеңісін атап өтті. Бұл — премьер-лига рекорды. Бұған дейін «ақсүйектер» 2004/05 және 2005/06 маусымдарын 29 жеңіспен аяқтаған болатын.
«Арсенал» — «Эвертон» — 3:1
«Арсенал» үздік төрттікке ене алмады. Соңғы рет «зеңбірекшілер» 1995/96 маусымында үздік төрттіктен тыс қалған болатын. Ал Арсен Венгер басшылығымен «Арсенал» тұңғыш рет Чемпиондар лигасына қатыса алмайтын болды. Соңғы рет лондондықтар 1997/98 маусымында басты клубтық турнирге қатыса алмаған еді.
«Манчестер Юнайтед» — «Кристал Пэлас» — 2:0
«МЮ» жартылай қорғаушысы Джош Харроп ойынның 15 минутында гол соқты. Ол «қызыл диюлар» сапында премьер-лигада мергендік танытқан жүзінші футболшы болып отыр. Бұл — 21 жастағы Харроптың премьер-лигадағы тұңғыш ойыны.

Шотландия премьер-лигасы
«Селтик» — «Хартс» — 2:0
«Селтик» Шотландия футболының жаңа рекордын дүниеге әкелді.
«Кельттер» Шотландия премьер-лигасының 118 жылдық тарихында чемпионатты еш жеңіліссіз аяқтаған тұңғыш команда болып отыр. Биыл «Селтик» 38 кездесудің 34-інде жеңіске жетті, 4 кездесуді ғана тең аяқтады. 106 гол соғып, өз ұаұпасына 25 гол жіберді.

Ағылшын премьер-лигасы
«Саутгемптон» — «Сток Сити» — 0:1
«Сток Сити» шабуылшысы Питер Крауч АПЛ тарихында 50 голды баспен соққан алғашқы футболшы болды. Ол соңғы турда «Саутгемптон» қақпасына жеңіс голын баспен енгізді. Биылғы маусымда 37 жастағы Крауч 27 матч өткізіп, 7 гол соқты, 2 гол пасының авторы атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ:

Please enter your comment!
Please enter your name here