Дариға Шəкімова (75 келі) Рио олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды. Жартылай финалда ол америкалық Кларисса Шилдстен таза (0:3) ұтылды.
Шилдс біздің ауыр салмақты боксшы қыздарымыз үшін аса ыңғайсыз қарсылас болып тұр. Лондон олимпиадасының жартылай финалында ол отандасымыз Марина Вольнованы 29:15 есебімен жеңіп, финалда ресейлік Н.Торлоповадан басым түскен еді. Енді ол екінші рет олимпиада чемпионы атануға жақын.
Шилдс жолықса, шырылдай береміз бе сонда?