Қазақстан премьер-лигасы
17 тур. 5-7 шілде

«Тобыл» — «Астана» — 0:0
«Қайрат» — «Ертіс» — 4:0 (Исаел, 24, 58, Есеола, 37, Аршавин, 44)
«Ордабасы» — «Қайсар» — 1:2 (Диакате, 9-пенальтиден – Курьор, 58-пенальтиден, Тағыберген, 77)
«Қызылжар» — «Ақтөбе» — 2:1 (Сисей, 65, Ортис, 74 – Пизелли, 44-пенальтиден)
«Жетісу» — «Атырау» — 2:2 (Мавутор, 74, Хромцов, 77 – Хайруллин, 5-пенальтиден, Барбарич, 47)
«Шахтер» — «Ақжайық» — 1:2 (Кояшевич, 90+3 – Сапанов, 18, Мане, 82)

  • «Астананың» Қостанайда ұпай жоғалтуын «Қайрат» сәтті пайдаланды. Қазір жоғалтқан ұпай саны бойынша екі көшбасшының көрсеткіші тең.
  • «Ордабасы» қатарынан екінші матчта бірінші болып есеп ашып, жеңісті уысынан шығарып алып отыр.
  • «Атырау» командасына тәжірибелі бапкер В.Кумыков келіп, Талдықорғаннан ұпай олжалап қайтты. Бірақ бұл кездесуде атыраулықтар екі доп айырмасымен алда тұрған-ды, сондықтан үш ұпай жоғалтты деген дұрыс болар.
  • «Қызылжар» Андрей Кучерявыхтың басшылығымен алғашқы кездесуді сәтті өткізді.
  • М.Сисей Қазақстанға 3 жылдан кейін оралып, бірден гол соғып көзге түсті.
  • «Шахтер» А.Финонченконың басшылығымен алғашқы кездесуінде жеңілді.
  • Маркос Пизелли («Ақтөбе») бұл турда пенальтиден гол соғып, мергендер көшінде ұзай түсті.
  • Марат Хайруллин («Атырау») өзінің Қазақстан командалары сапындағы 94-голын енгізді.
  • Адеринсола Есеола «Қайрат» сапындағы алғашқы кездесуінде бірінші голын соғып үлгерді.
  • «Ертіс» бірінші рет «Қайраттан» 4 доп айырмасымен жеңіліп отыр.
  • Асқат Тағыберген («Қайсар») биылғы чемпионаттағы алғашқы голын соқты.

(«Ақжайық» ФК фотосы)