Ермұхамед МӘУЛЕН

Қысқы Универсиада ойындарының есеп-қисабы – өз алдына қызық тақырып. Ойындар жақындаған сайын, біздің спортшылар қай спорт түрінде мықты деген сауалдар әлеуметтік желіде көптеп қойылуда.

Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы Польшаның Закопане қаласында өткен Универсиадаға тұңғыш рет қатысты. Онда тек шайбалы хоккейшілеріміз ғана күміс жүлдегер атанды.  Міне, алғашқы медаліміз командалық спорт түрінен түсті.

Ал жалпылама статистикаға көз жүгіртсек, қысқы Универсиадада Қазақстанның атын шаңғышылар шығарып жүргеніне көз жеткіземіз. Олар осы кезге дейін қоржынымызға түскен 44 медальдің 30-ын жеңіп алған. Тіпті, екі Универисиадада қатарынан Қазақстан қоржынына тек шаңғышылар ғана жүлде салған. Мысалы, 2003 жылы – Тарвизио, 2005 жылы Инсбруктегі Ойындарда тек шаңғышылар ғана медаль алған. Сонда барлығы 8 Универсиадаға қатысқан Қазақстан небары 5-ақ спорт түрінен медаль алыпты.

Толық статистикалық мәлімет төмендегі кестеде:

 АлтынКүмісҚолаБарлығы
Шаңғы1281030
Фристайл3115
Хоккей1315
Биатлон1102
Мәнерлеп сырғанау1012
 18131344