Оңтүстікафрикалық боксшы Золани Тете қарсыласы Сибонисо Гоньюді 11 секундта естен тандырып, жаңа әлем рекордын жасады. Бұған дейін атақ сарапқа салынған жекпе-жектердің ешқайсысында ешбір боксшы жеңіске осынша жылдам жетпеген еді. 1994 жылы Даниель Хименес қарсыласы Харальд Гайерді 17 секундта нокаутқа түсірді. Тете бұл рекордты бірден 7 секунд ілгерілетіп отыр.

Тете мен Гонью WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына таласты. Шаршы алаңдағы төреші белгі беріп, гонг қағылған соң екі боксшы көп аңдысқан жоқ. Қарсыласының шабуылынан жалтарып барып, Тете Гоньюдің қорғанысы сыр берген тұсын дәл аңдады. Оң қолымен жанай ұрып, қарсы ұмтылған Гоньюді тепе-теңдіктен айыра қарсы соққы жасады. Гонью біраз уақыт ес жия алмай жатып қалды.