Бүгін Польша және Қазақстан құрамалары өз тарихында төртінші рет кездеседі:
1. 06.06.2003 ж. ЖК. Польша — Қазақстан — 3:0 (Вихнярек, 2, Давидовски, 50, Кжыновек, 82-пенальтиден)
Бұл матчқа Қазақстан құрамасының қазіргі жаттықтырушылары Ю.Новиков пен Қ.Нұрдәулетов қатысты.

2. 07.10.2006 ж. ЕЧІ-08. Қазақстан — Польша — 0:1 (Смолярек, 52)
Бұл кездесуге қазіргі капитан Д.Лория қатысты.

3. 13.10.2007 ж. ЕЧІ-08. Польша — Қазақстан — 3:1 (Смолярек, 56, 64, 65 — Бяков, 20)
Лория мен Нұрдәулетов негізгі құрамда алаңға шықты

4. 04.09.2016 ж. ӘЧІ-18. Қазақстан — Польша — 2:2 (Хижниченко, 51, 58 — Капустка, 9, Левандовски, 35-пенальтиден)
Бір жыл бұрынғы матчқа қазіргі құрамнан Покатилов, Ахметов, Тағыберген, Шомко, Мұжықов, Бейсебеков, Хижниченко, Нұрғалиев қатысты. Бүгінгі ойында айыбы салдарынан алаңға шыға алмайтын Исламхан мен Байжанов та негізгі құрамда ойнады.

4 кездесудің үшеуінде Польша құрамасы жеңіске жетті, 1 ойын тең аяқталды. Доп айырмасы — 9:3.

Смолярек оңтүстіккореялық Чой Йон Судан кейін Қазақстан құрамасының қақпасына «хет-трик» жасаған екінші футболшы болды.

С.Хижниченко бір жыл бұрын өзінің Қазақстан сапындағы үшінші «дублін» Польша қақпасына соқты. Бірақ содан бергі бір жыл ішінде ол құрама сапында мергендік таныта алған жоқ. Небары 2 ойынға қатысты.