Ертеңгі Қазақстан — Қаратау матчына бельгиялық төреші Себастьен Дельферьер қазылық етеді. Оған сызық бойында Ив де Нев пен Рьен Ванизер көмектеседі, ал қосалқы төреші Лоуренс Виттер болмақ.
Дельферьер бұған дейін Қазақстан клубтары қатысқан 3 еурокубок матчында бас төреші болды:
1. 21.07.2011. ЕЛ. ІІ іріктеу кезеңі. Қарымта матч. «Сент-Патрикс-Атлетик» (Ирландия) — «Шахтер» (Қарағанды) — 2:0
2. 08.08.2013 ж. ЕЛ. ІІІ іріктеу кезеңі. «Брейдаблик» (Исландия) — «Ақтөбе» — 1:0, пенальтиден — 1:2
3. 18.08.2016 ж. ЕЛІ. Плей-офф. «Астана» — БАТЭ (Беларусь) — 2:0
Дельферьер төрелігімен өткен 3 кездесудің екеуінде Қазақстан командалары келесі кезеңге өткен. Былтыр ол «Астана-Аренадағы» ойында бас қазы болды, демек, еліміздің басты футбол аренасын жақсы біледі.
Жалпы, бельгиялық қазылар Қазақстан құрамасының ойындарына 2 рет қазылық жасаған. Осы кездесулерде Қазақстан құрамасы ойсырай ұтылған:
1. П.Аллертс (Бельгия). 11.10.2008 ж. ӘЧІ-10. Англия — Қазақстан — 5:1
2. А.Буко (Бельгия). 07.06.2014 ж. ЖК. Венгрия — Қазақстан — 3:0