Қазақстан премьер-лигасы
5 тур. 8 сәуір
«Тараз» — «Ордабасы» — 2:1 (Мұхаметшин, 16, Қожамберді, 31 — Төлебек, 30)
«Тараз» командасының жартылай қорғаушысы Жақып Қожамберді Қазақстан премьер-лигасында 2,5 жыл, 5 күн үзілістен кейінгі алғашқы добын соқты. Ол бұған дейін 2014 жылдың 3 қазанында «Жетісу» — «Тараз» кездесуінің 76-минутында мергендігімен көзге түскен болатын. Содан бергі уақытта ол 42 кездесуде алаңнан голсыз қайтты.
Жалпы, Жақып өзінің үлкен футболдағы 7-голын соғып отыр. Оның премьер-лигада — 6, Қазақстан кубогында 1 дәл соққысы бар.
Тараз футболының түлегі 2015 жылдың екінші жартысын — «Астанада», 2016 жылды «Оқжетпесте» өткізді. Екі команда сапында да гол соққан жоқ.