ӘЧІ-18. УЕФА
7 тур. Е  тобы
Қазақстан — Қаратау — 0:3 (Вешович, 31, Бечирай, 53, Симич, 63)

Вешовичтің добы Қазақстан құрамасы өз қақпасына жіберген 300-гол болып тарихқа енді. Бұл 300 голды отандастарымыз 179 матчта жіберіп алды. Әр ойында шамамен 1,68 доптан жіберген деп санауға болады.

Бечирай мен Симичтің дәл соққылары Қазақстан қақпасына енгізілген голдардың төртінші жүздігін бастады (301 және 302 голдар). 

Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына осы 179 ойында 186 дәл соққы жасады. Яғни қарсыластарға қарағанда 116 голымыз кем. Бұл айырмашылық матч сайын ұлғайып бара жатқаны да рас.