Қазақстан премьер-лигасы
24 тур. 19-20 тамыз

«Ақжайық» — «Ақтөбе» — 2:2 (Дурович, 20, 57 – Зенькович, 47, 82-пенальтиден)
«Тобыл» — «Тараз» — 1:1 (Квеквескири, 72 – Мане, 77)
«Ордабасы» — «Атырау» — 2:0 (Тұңғышбаев, 68, Нөсербаев, 86)
«Ертіс» — «Қайсар» — 0:0
«Қайрат» — «Шахтер» — 3:1 (Исаель, 53, Гоу, 68, Ахметов, 85 – Станоевич, 42)

Бұл турдағы «Астана» — «Оқжетпес» кездесуі 25 қазанға шегерілді. Турнир көшбасшысының жоқтығын «Қайрат» сәтті пайдаланды. Алайда алматылықтар қоржынына үш ұпай жеңіл-ақ топ ете қалды десек, артық айтқан болар едік. «Шахтер» күтпеген жерден бірінші тайм түгесілер тұста есеп ашты. «Қайрат» ойыны екінші таймда ширады. Аршавин, Исламхан, Қуат, Иличевич секілді негізгі құрам ойыншылары жоқта Исаель команданы алға сүйреді. Ол 53 минутта есеп теңестірді. Содан кейін Ғ.Сүйімбаев шығарып берген екі әдемі пасты Гоу мен Ахметов тамаша пайдаланды. Гоу мергендер көшінде астаналық Кабанангадан 2 доп ұзап кетті (17 гол).

«Тобыл» бапкер ауыстырған соң да таси алмай жатыр. Қостанайлықтар бұл жолы «Таразды» өз алаңында тұқырта алмады. Димитровтың орнына украиналық В.Грозныйды тағайындаған «Ертіс» те бірден күш ала қояр емес. Бұл турда қола жүлдеден үміті бар қос команда өз алаңдарындағы кездесулерде жалғыз ұпайдан ғана иеленді.

«Ордабасы» «Атыраудан» басым түсіп, қола жүлдеден бірден-бір үміткер екенін нақтылады. Ал аутсайдерлер сайысы тең нәтижемен аяқталды: «Ақжайық» пен «Ақтөбе» бір-бір ұпайға қанағат білдірді.