Қазақстан премьер-лигасы
7 тамыз. 22 турдың кейінгі қалдырылған кездесуі
«Астана» – «Ордабасы» – 1:0 (Тағыберген, 90+2)
Осы ойын Қазақстан премьер-лигасының биылғы екінші айналымын қорытындылады. «Астана» 90 минут тынымсыз шабуылдап, ақыры шымкенттіктердің қорғанысынан осал тұс тапты. Жеңіс голын «Тобылдан» оралған Асқат Тағыберген соқты.
Бұл — Тағыбергеннің премьер-лигадағы 9-голы. Биыл маусымның алғашқы бөлігін ол «Тобылда» өткеріп, мергендік таныта алмаған еді. «Астана» сапында ол барлық турнирлерде 5 доп соқты.
Осы жеңістің арқасында астаналықтар екінші орындағы «Қайраттан» тағы 7 ұпай ұзап кетті. Қазір «Астанада» – 54, «Қайратта» 47 ұпай бар. «Ордабасы» болса, алматылық командаға жақындау мүмкіндігін уысынан шығарып алды. Бұл команда 41 ұпаймен үшінші орында тұр.
Премьер-лиганың үшінші айналымы 11 тамызда басталады. «Астана» сырт алаңда «Ақтөбемен» ойнайды. 12-13 тамызда «Шахтер» – «Ордабасы», «Қайсар» – «Тобыл», «Оқжетпес» – «Қайрат», «Атырау» – «Ертіс», «Тараз» – «Ақжайық» кездесулері өтеді.
fca.kz фотосы