BIRMINGHAM, ENGLAND - JUNE 5: Olga Rypakova of Kazakhstan in action in the womens triple jump during the Birmingham Diamond League Athletics meeting at Alexander Stadium on June 5, 2016 in Birmingham, England. (Photo by Stephen Pond - British Athletics/British Athletics via Getty Images)

 

Жақында ғана Лондонда (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салған жеңіл атлет Ольга Рыпакова жеңісті сапарын жалғастырып жатыр. Ол Бирмингем қаласында жалғасқан «Жақұт лига» кезеңінде қола жүлде жеңіп алды.

Бұл сынға Рыпакованың негізгі қарсыластарының бәрі қатысты. Лондондағы додада венесуэлалық Юлимар Рохастың жұлдызы жанып еді. Бірақ Бирмингемдегі сында ол небары 13,94 метрге секіріп, жүлдеден тыс қалды. Ал биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, осы маусымның көшбасшысы Катерина Ибарген (Колумбия) бабында екенін тағы байқатты. Ол Бирмингемде соңғы 3 талпынысында 14,30, 14, 44 және 14,51 метрді артқа тастап, алтыннан алқа тағынды. Әлем чемпионатында төмен нәтиже көрсеткен Кимберли Уильямс (Ямайка) бұл жолы 14,44 метр нәтижемен күміс жүлде иеленді.

Рыпакова төртінші мүмкіндігінде 14,29 метрге секірді. Бұдан кейінгі екі талпынысы есеп алынбады. Сөйтіп, отандасымыз қола жүлдеге қол жеткізді. Әрине, бұл нәтиже Лондондағы додадағыдан (14,77 м) төмендеу. Дегенмен осы табыстың өзі Рыпакованың «Жақұт лигада» әзірше үшінші орынға орнығуына мүмкіндік беріп тұр. Қазір көш басындағы Ибаргенде – 31, Уильямста – 24, Рыпаковада 20 ұпай бар.

«Жақұт лиганың» келесі кезеңі 24 тамызда Швейцарияның Цюрих қаласында жалғасады.