Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Еркін күрес. 61 келі
Іріктеу белдесуінде Дәулет Ниязбеков үнді балуаны Байраң Байраңнан 3:12 есебімен жеңілді. Байраң одан әрі 1/8 финалда іркілмей, ширек финалда әзербайжан Ахмеднәби Гварзатиловтан ұтылған соң, Дәулет жүлдеден үміт үзді.

Дәулет әлем чемпионаттарына осымен 4 рет қатысып отыр.

2011 жыл. Ыстамбұл, Түркия — қола медаль (55 келі)
1/16 финал. Ниязбеков — Иоаннис Иванидис (Грекия) — 7:0, 7:0
1/8 финал. Ниязбеков — Махмұд Магомедов (Әзербайжан) — 2:2, 1:2, 3:0
1/4 финал. Ниязбеков — Нұрлан Мәкенәлиев (Қырғызия) — 1:1, 6:3, 3:0
1/2 финал. Ниязбеков — Виктор Лебедев (Ресей) — 0:1, 0:4
Қола жүлде үшін. Ниязбеков — Михран Жабурян (Армения) — 5:1, 5:3

2013 жыл. Будапешт, Венгрия — іріктеу кезеңі (60 келі)
Іріктеу кезеңі. Ниязбеков — Андрей Перпелица (Молдова) — 8:10

2015 жыл. Лас-Вегас, АҚШ — іріктеу кезеңі (61 келі)
Іріктеу кезеңі. Ниязбеков — Риис Хамфри (АҚШ) — 11:11

Қорытынды: Ниязбеков әлем чемпионаттарына 4 рет қатысып, 1 қола медаль (2011) жеңіп алды. Басқа үшеуінде алғашқы белдесуден аса алған жоқ.