Қазақстан премьер-лигасы
23 тур
«Оқжетпес» — «Қайрат» — 0:1 (Гоу, 33)
«Қайраттың» африкалық шабуылшысы Жерар Гоу бұл кездесуде өзінің қазақстандық карьерасындағы 90 голын енгізді. 2014 жылдың екінші жартысында «Қайратқа» Ресейдің «Краснодар» командасынан ауысқалы бері ол Қазақстан премьер-лигасында — 72, ел кубогында — 7, еурокубоктарда 11 гол авторы атанды.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірінде «Қайраттың» бас мергені Әлібек Бөлешев еді. Гоу оны қуып жетті. Қазір екеуінің еншісінде де «Қайрат» сапында соққан 90 гол бар.
Жерар Гоу 2015 және 2016 жылдары 22 голдан енгізіп, Қазақстан премьер-лигасының бас мергені атанды. Биыл еурокубоктарда 4 рет көзге түсіп, Қазақстанның еурокубоктардағы бас мергені (11 гол) атанып отыр.
1992 жылдан бері Қазақстан премьер-лигасының мергендері көшінде Гоу «атыраулық» Марат Хайруллинмен бірге 22-23 орындарды бөлісіп тұр:
1 | Нұрбол ЖҰМАСҚАЛИЕВ | Ж/қ | 11.05.1981 | 166 |
2 | Мұрат ТЛЕШЕВ | Ш | 12.04.1980 | 148 |
3 | Олег ЛИТВИНЕНКО | Ш | 22.11.1973 | 147 |
4 | Нұркен МАЗБАЕВ | Н | 04.07.1972 | 142 |
5 | Андрей МИРОШНИЧЕНКО | Ж/қ | 21.12.1968 | 115 |
6 | Ұлықбек БАҚАЕВ (Өзбекстан) | Ш | 28.11.1978 | 111 |
7 | Андрей ФИНОНЧЕНКО | Ш | 21.06.1982 | 103 |
8 | Әлібек БӨЛЕШЕВ | Ш | 09.04.1981 | 98 |
9 | Александр ШАТСКИХ | Ш | 21.01.1974 | 96 |
10 | Руслан ИМАНҚҰЛОВ | Ш | 06.02.1972 | 96 |
11 | Қайрат ӘУБӘКІРОВ | Ш | 08.03.1971 | 94 |
12 | Виктор АНТОНОВ | Ш | 01.10.1969 | 85 |
13 | Руслан ДҮЗМӘМБЕТОВ | Ш | 21.04.1968 | 85 |
14 | Гурам МАКАЕВ | Ш | 18.02.1970 | 85 |
15 | Владимир ЛОГИНОВ | Ш | 05.01.1974 | 85 |
16 | Олег МАЛЫШЕВ | Ш | 12.04.1967 | 84 |
17 | Нилтон МЕНДЕС (Бразилия) | Ш | 07.01.1976 | 79 |
18 | Виктор ЗУБАРЕВ | Ш | 10.04.1973 | 77 |
19 | Максим НИЗОВЦЕВ | Ж/қ | 09.09.1972 | 77 |
20 | Павел ДЕМЯН | Ш | 28.04.1960 | 76 |
21 | Арсен ТЛЕХУГОВ | Ш | 03.11.1976 | 73 |
22 | Жерар ГОУ (Кот д’Ивуар) | Ш | 29.12.1988 | 72 |
23 | Марат ХАЙРУЛЛИН | Ж/қ | 26.04.1984 | 72 |
Тізімнен байқағандарыңыздай, бас мергендер қатарында шетелдіктер — үшеу ғана (Бақаев, Мендес және Гоу). Ресей футболының түлектері А.Тлехугов пен М.Хайруллин Қазақстан азаматтығын алды, дегенмен оларды қазақ футболының түлегі деуге келмейді.
Барлық турнирлерді қоса есептегенде, шетелдіктер арасында қазақ футболындағы бас мерген — Ұлықбек Бақаев (Өзбекстан). Гоу — әзірше төртінші. Дегенмен жуық арада ол А.Тлехуговты төмендетуі мүмкін:
№ | Футболшы | ҚПЛ | ҚК | АК | ЕК | Барлығы |
1. | Ұлықбек БАҚАЕВ | 111 | 10 | 2 | 123 | |
2. | Нилтон Перейра МЕНДЕС | 79 | 14 | 8 | 1 | 102 |
3. | Арсен ТЛЕХУГОВ | 75 | 15 | 3 | 93 | |
4. | Жерар ГОУ | 72 | 7 | 11 | 90 | |
5. | Марат ХАЙРУЛЛИН | 72 | 11 | 6 | 89 |
Ескерту: ҚПЛ — Қазақстан премьер-лигасы, ҚК — Қазақстан кубогы, АК — Азия клубтық турнирлері, ЕК — еурокубоктар.