Биыл «Астана» командасы қатарынан төртінші рет ел чемпионы атағын жеңіп алды. Бұған дейін Қазақстан премьер-лигасы тарихында ешбір команда төрт жыл қатарынан өзгелерден мойын оздырған емес. 2007-2009 жылдар аралығында «Ақтөбе» үш рет чемпиондықты ешкімге бермеп еді. «Астана» былтыр осы нәтижені қайталады, енді жыл өтпей оны да жаңартып отыр.

Чемпионаттағы жеңістер саны бойынша «Астана» қазір «Ертіс» пен «Ақтөбеден» ғана қалыңқы. Олар ел чемпионатын бес реттен ұтқан.

Жалпы, 1992 жылдан бері 9 команда Қазақстан чемпионы атанды:
1. «Ертіс» (Павлодар) – 5 (1993, 1997, 1999, 2002, 2003)
2. «Ақтөбе» (Актобе) – 5 (2005, 2007, 2008, 20009, 2013)
3. «Астана» (Астана) – 4 (2014, 2015, 2016, 2017)
4. «Спартак» («Елім-ай», Семей) – 3 (1994, 1995, 1998)
5. «Астана-1964» («Жеңіс»/»Астана», Астана) – 3 (2000, 2001, 2006)
6. «Қайрат» (Алматы) – 2 (1992, 2004)
7. «Шахтёр» (Карағанды) – 2 (2011, 2012)
8. «Тараз» (Тараз) – 1 (1996)
9. «Тобыл» (Қостанай) – 1 (2010).

«Астана» мен «Қайрат» 2013 жылдан бері бес жыл қатарынан жүлдегерлер қатарына еніп келе жатыр. Бірақ бұл рекордтық нәтиже емес. «Ертіс» 1996-2000 жылдар аралығында бес жыл қатарынан үздік үштікке енді (екі рет – чемпион, бір – күміс, екі – қола). Дегенмен Қазақстан чемпионаттарында осы нәтиже бойынша рекорд «Ақтөбеге» тиесілі. Ақтөбеліктер 2005 жылдан 2015 жылғы дейін 11 жыл қатарынан жүлде жеңіп алып (5 алтын, 3 күміс, 4 қола) отырды. Екінші үздік нәтиже «Тобыл» еншісінде. Қостанайлықтар 2002-2008 жылдар аралығында 7 жыл жүлдеге қол жеткізді (4 күміс, 3 қола).