Қазақстан премьер-лигасы
11 қазан. 25 турдың кейінге қалдырылған кездесуі
«Шахтер» — «Астана» — 0:1 (Кабананга, 70)
Матч тағдырын шешкен жалғыз допты Ж.Кабананга пенальтиден соғуға мүмкіндік алған-ды. Бірақ оның сол бұрышқа тепкен добын И.Шацкий қайтарды. Дегенмен Жуниор серпілген допты оң аяғымен қақпаға дәл енгізді.
«Астана» биылғы чемпионаттағы ең көп пенальти соғатын команда болып тұр. Биыл елордалықтар 8 пенальти тепті. Басқа ешбір командада мұнша көп пенальти жоқ (екінші орындағы «Қайрат» 6 пенальтидің 5-ін соқты). «Астана» пенальтишілерінің көрсеткіші:
1. Ж.Кабананга — 3 пенальти, 2-і соғылмаған (6 тур. «Астана» — «Ақтөбе» — 3:0 — гол; 7 тур. «Оқжетпес» — «Астана» — 0:3 — шетке; 25 тур. «Шахтер» — «Астана» — 0:1 — қақпашы қайтарды).
2. С.Граховац — 3 пенальти, 1-і соғылмаған (7 тур. «Оқжетпес» — «Астана» — 0:3 — гол; 15 тур. «Астана» — «Атырау» — 4:0 — гол; 27 тур. «Қайсар» — «Астана» — 1:4 — қақпашы қайтарды).
3. Р.Муртазаев — 2 пенальти, 1-і соғылмаған (9 тур. «Қайсар» — «Астана» — 0:3 — гол; 4 тур. «Астана» — «Шахтер» — 4:1 — қақпашы ұстады).
«Астана» футболшылары 8 пенальтидің 3-ін соға алмаған.
Қақпашылар ішінде пенальти қайтарудан биылғы маусымда А.Пасеченко («Атырау») мен И.Шацкий («Шахтер») ерлеп тұр. Екеуі де 2 пенальтиді қақпаға енгізбеді. Бірақ И.Шацкийдің көрсеткіші жоғары. Ол 3 пенальтидің екеуін қайтарса, Пасеченко 6 пенальтидің екеуін дарытпады.
И.Шацкий («Шахтер»):
1. 2 тур. И.Азука — гол («Ақжайық» — «Шахтер» — 3:1, 8 минут)
2. 4 тур. Р.Муртазаев — ұстады («Астана» — «Шахтер» — 4:1, 26 минут)
3. 25 тур. Ж.Кабананга — қайтарды («Шахтер» — «Астана» — 0:1, 70 минут)
А.Пасеченко («Атырау»):
1. 9 тур. Р.Мұхаметшин — қайтарды («Тараз» — «Атырау» — 1:2, 16 минут)
2. 12 тур. А.Нұрғалиев — гол («Атырау» — «Ордабасы» — 2:2, 85 минут)
3. 7 тур. Ю.Алмейда — гол («Ақтөбе» — «Атырау» — 1:0, 80 минут)
4. 15 тур. С.Граховац — гол («Астана» — «Атырау» — 4:0, 62 минут)
5. 20 тур. М.Курьор — гол («Қайсар» — «Атырау» — 2:0, 90+3 минут)
6. 21 тур. Б.Исламхан — қайтарды («»Қайрат» — «Атырау» — 1:1, 11 минут)
Осы 2 қақпашыдан бөлек, биыл «қайраттықтар» С.Покатилов пен В.Плотников, сондай-ақ А.Григоренко («Қайсар»), Р.Әбіжанов («Оқжетпес») бір-бір пенальтиден қайтарды.