Қазақстанның кәсіпқой премьер лигасы жүргізген сауалнама нәтижесінде «Тараз» командасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Ол «2017 жылғы Қазақстанның үздік жас футболшысы» және «Жаңа есім» атағына лайық деп танылды. 19 жастағы Зайнутдинов биыл премьер-лигада 26 матч өткізді, 7 гол соқты, 1 гол пасын берді («Тараздың» бас мергені). Қазақстан жастар құрамасы сапында 4 ойынға қатысып, 1 гол соқты.
Қазақстанның 2017 жылғы үздік жас футболшыларының бестігі:
1.       Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» — 49
2.       Максим Федин, «Оқжетпес» — 31
3.       Юрий Перцух, «Акжайык» — 30
4.       Дидар Жалмұқан, «Астана»/«Тобыл» — 27
5.       Еркебұлан Сейдахмет, «Тараз» — 14
 
«Жаңа есім» үштігі:
1.       Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» — 16
2.       Юрий Перцух, «Ақжайық» — 6
3.       Магомед Парагульгов, «Қайрат» — 3
Дауыс беру нәтижесі:
Команда басшылары
Бас бапкерлер
Команда капитандары