«Статспорт» порталы футболдан Қазақстан құрамасының 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңіндегі нәтижесіне орай циклды материалдарын бастайды.
Қазақстан — Армения: 7 кездесу (1 жеңіс, 2 тең ойын, 4 жеңіліс), доп айырмасы — 6:12
Армения құрамасы – жолдастық және ресми кездесулерді қоса есептегенде, Қазақстаннан ең көп ұпай алған екінші қарсылас. Армяндар отандастарымызды 4 рет жеңіп, 2 рет тең ойнап, 14 ұпай иеленді. Осы 14 ұпайдың 7-і — ресми кездесулерде (2007 — 2:1, 2017 — 2:0 және 1:1), 7-і — жолдастық кездесулерде (2004 — 3:3, 2008 — 1:0, 2012 — 3:0).
Қазақстан құрамасынан ең көп ұпай әкеткен қарсылас — Түркия командасы. Түріктер 2006 жылғы әлем біріншілігіне, 2012 және 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасымен 6 рет кездесіп, барлық кездесуде жеңіске жетті. Біз үшін ең ыңғайсыз қарсыластар:
№ | Команда | Ойын | Ұтыс | Тең ойын | Жеңіліс | Доп | Ұпай |
1. | Түркия | 6 | 6 | 0 | 0 | 19:2 | 18 |
2. | Армения | 7 | 4 | 2 | 1 | 12:6 | 14 |
3. | Польша | 5 | 4 | 1 | 0 | 12:3 | 13 |
4. | Германия | 4 | 4 | 0 | 0 | 14:1 | 12 |
5. | Дания | 4 | 4 | 0 | 0 | 12:3 | 12 |
6. | Украина | 4 | 4 | 0 | 0 | 9:3 | 12 |
7. | Сирия | 4 | 3 | 1 | 0 | 8:1 | 10 |
Кестеден байқағандарыңыздай, ӘЧІ-18 кезеңінде Қазақстан құрамасы осыған дейінгі ең ыңғайсыз 3 қарсыласымен (Польша, Дания, Армения) кездесіп, 6 ойында 2 ұпай ғана (Польша — 2:2, Армения — 1:1) ала алды. Яғни осы іріктеуде отандастарымыз Польшадан алғашқы ұпайын иеленді.