Екі күннен кейін веложарыстан даңқты «Вуэльта» көпкүндігі басталады. «Астана» командасы бұл сынға мына велошабандоздар қатысатынын жариялады: Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Дарио Катальдо (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Давиде Малакарне (Италия), Луис Леон Санчес (Испания), Микеле Скарпони (Италия), Гатис Смукулис (Латвия), Алессандро Ванотти (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан).
Команда капитаны Лопес болатыны о баста айтылды. Жас болса да, ол өзінің көпкүндікші екенін толық дәлелдеген. Жақында «Швейцария турында» жеңіске жетіп, әлеуетін және бір көрсетті. Оған Скарпони, Зейц сияқты мықтылар көмектеседі.
«Вуэльта» 20 тамыз-11 қыркүйек арасында өтеді. Өткен жылғы Испания көпкүндігінде «астаналық» Фабио Ару жеңіске жеткен болатын.