10-14 мамыр аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Бапкерлер құрамы бұл сынға мына балуандарды қосатын болды:

Грек-рим күресі:
59 келі — Мейрамбек Айнағұлов. 17.02.1994. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2015), қола жүлдегері (2016), әскерилер арасындағы Азия чемпионы (2015);
66 келі — Алмат Кебісбаев. 12.12.1987. Әлем біріншілігінің күміс (2011) және қола (2010, 2015) жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2014), Азия чемпионы (2011), күміс жүлдегері (2009), Универсиаданың қола жүлдегері (2013);
71 келі — Әбунасыр Өмірзақ. 16.05.1993. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2013);
75 келі — Мақсат Ережепов. 23.04.1990. Азия чемпионатының күміс (2014) және 2 дүркін қола (2012, 2013) жүлдегері, кадеттер арасындағы Азия чемпионы (2007), жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2010);
80 келі — Даниял Гаджиев. 20.02.1986. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері (2012);
85 келі — Азамат Құстыбаев. 14.06.1992. Жастар арасындағы Азия чемпионы, Азияның қола жүлдегері (2014);
98 келі — Жасұлан Сыдықов. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері;
130 келі — Дамир Күзембаев. 02.11.1991. Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016), әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013)

Еркін күрес:
57 келі — Нұрислам Санаев. 02.09.1991;
61 келі — Дәулет Ниязбеков. 12.02.1989. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011), екі дүркін Азия чемпионы (2015, 2016);
65 келі — Мейіржан Әшіров. 30.01.1992. Студенттер арасындағы әлем чемпионы (2016);
70 келі — Ақжүрек Таңатаров. 03.09.1986. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері (2012);
74 келі — Ғалымжан Өсербаев. 19.12.1988. Әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2014), қола жүлдегер (2015);
86 келі — Азамат Дәулетбеков. 15.03.1994. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2014);
97 келі — Ералы Әбдірашев. 23.10.1992. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (2012);
125 келі — Ермұхамбет Іңкәр. 22.05.1993.  Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2012).

Әйелдер күресі:
48 келі — Ирина Борисова. 26.08.1995. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 2014), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2016);
53 келі — Жұлдыз Ешімова. 01.02.1988. Әлем чемпионатының күміс (2008), қола (2005, 2006) жүлдегері, Азия ның 2 дүркін чемпионы (2004, 2007), ;
55 келі —  Марина Седнева. 03.03.1996. Жасөспірімдер арасындағы әлем (2016), Азия (2015) чемпионаттарының күміс жүлдегері;
58 келі — Гүлшаһарат Таласова. Кадеттер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2008);
60 келі — Аяулым Қасымова. 12.05.1994. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2012, 2013);
63 келі — Нелли Гульназарян;
69 келі — Эльмира Сыздықова. 05.02.1992. Рио олимпиадасының қола жүлдегері (2016), Азия чемпионатының екі дүркін күміс  (2015, 2016), қола (2014) жүлдегері;
75 келі — Гүлмарал Еркебаева. 04.11.1995. Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2015, 2016), жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015).