62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ауыр атлет Фархад Харки Қазақстан қоржынына Рио олимпиадасының үшінші жүлдесін салды. Ол қола медаль жеңіп алды.
Бас бапкер Алексей Нидің айтуынша, Харки олимпиадаға 62 келі үшін арнайы дайындалған. Негізгі салмағы – 69 келі. Салмақ қуу Харкиге оңай соқпағаны көрініп тұр.
Ол жұлқи көтеру бағдарламасында 135 келіні алғашқы талпынысында-ақ еңсерді де, кейінгі екеуінде 140 келіні ырқына көндіре алмады. Бұл осы бағдарламадағы үшінші көрсеткіш болатын. Лондон олимпиадасының жүлдегерлері Оскар Фигероа (Колумбия) мен Еко Юли Ираван (Индонезия) 142 келіні тік көтеріп, медальға қадам жасады.
Өкінішке қарай, жарыстың басты фавориті Чен Лижүн (Қытай) осы бағдарламада 143 келі зілтемірді екі рет көтеруге тәуекел етіп, ештеңе істей алмады. Ол тіпті жарыс алаңынан теңселіп әзер кетті, сынды ары қарай жалғастыра алған жоқ.
Серпе көтеру бағдарламасында Харки ә дегеннен 170 келіні жақсы көтерді. Бұдан соң екі рет 177 келіні бағындыруға талпынып еді, екеуі де сәтсіз болды. Дегенмен қоссайыста жинаған 305 ұпайы оның қола жүлдегер атануына жеткілікті болды.
Чемпион атағын 318 ұпай (142+176) жинаған О.Фигероа жеңіп алды. Күміс жүлдегер Еко Юли Ираван жеңімпаздан 6 ұпай аз жинады (142+172=312).
Харки – тәуелсіз Қазақстан қоржынына ауыр атлетикадан он бірінші медаль салған зілтемірші. Оған дейінгі көрсеткіштер мынадай:

Барлығы: 5 алтын, 4 күміс, 2 қола.