Алматылық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс əдісімен жүзу бағдарламасында олимпиада чемпионы атанды!
Ол қашықтықты 2:07.46 минут аралығында жүзіп өтіп, күмісті олжалаған америкалық Джош Преноны 0,7 секунд артта қалдырды. Қола жүлде 2:07,70 минут нəтиже көрсеткен Антон Чупковқа бұйырды. Баландин тəуелсіз Қазақстан тарихындағы жүзуден тұңғыш олимпиада чемпионы атағына қол жеткізіп отыр.
Шындығында, финалда 8-жолақта өнер көрсеткен отандасымыздың жүлдеге іліну мүмкіндігі тым аз болып көрініп еді. Өйткені, 100 метрге брасспен жүзудің финалында да ол осы жолаққа түсіп, соңында қалып қойған-ды. Оның үздік сегіздікке кіруінің өзін үлкен жетістік деп бағалағанымыз рас. Баландин болса барын салып,аса мəртебелі қашықтықта дара шықты.
Жүзу — Қазақстанға олимпиада жүлдесі бұйырған 11 жазғы спорт түрі. 1996 жылдан бері отандастарымыз бокс,ауыр атлетика, жеңіл атлетика,грек-рим күресі, еркін күрес, қазіргі бессайыс, дзюдо, нысана көздеу,таеквондо,веложарыс сияқты спорт түрлерінен олжа салды.
Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы əзірше 7 медаль (2 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алды. 2 алтын спортшыларымызға бүгін бұйырды.