Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты мәреге жетті. 10 алтын, 11 күміс, 9 қола, жиыны 30 медаль жинаған АҚШ құрамасы жалпы есепте топ жарды. Кения – екінші (5+2+4=11), ОАР – үшінші (3+1+2=6).
Бұл дода жеңіл атлетиканың аңызы Үсейін Болттың спорттан кетуімен де есте қалды. Ол соңғы жарысында 4х100 м эстафетада ортаға шығып, жолай құлап қалды.
200-ге жуық ел өкілдері қатысқан додада Қазақстан құрамасы жалғыз қола медальмен (О.Рыпакова, үш секіру) 38 орын алды. Басқа 12 атлетіміз жүлдеге жақындай алған жоқ.
Георгий Шейко, 20 шақырымға спорттық жүріс – 12 орын
Виктория Зябкина, 200 метрге жүгіру – 23,66 сек (іріктеуден өте алмады)
Елена Наназиашвили, марафон – 73 орын
Қазақстан құрамасы (Р.Кашафутдинова, В.Зябкина, С.Голендова, О.Сафронова), 4х100 м эстафета – іріктеуден аса алмады
Диана Айдосова, 20 шақырымға спорттық жүріс – 47 орын
Полина Репина, 20 шақырымға спорттық жүріс – 50 орын
Регина Рыкова, 20 шақырымға спорттық жүріс – 52 орын
Мария Овчинникова, үш секіру – іріктеуден өте алмады