Гонконгте 26-27 мамыр күндері дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Олимпиялық төртжылдықтың алғашқы ірі жарысы болғандықтан, Қазақстан құрамасы бұл сынға мықты құраммен қатысып, командалық есепте IV орын иеленді. Отандастарымыз 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды. Ерлер 1 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленсе, әйелдер 1 күміс, 2 қола еншіледі. Бұл жаман нәтиже емес.
Ерлер
Максим Раков екінші рет Азия чемпионы атанды. Ол алғаш рет 2009 жылы Тайпейдегі құрлық додасында топ жарған еді. Е.Жұмақанов пен Ж.Смағұлов Азия чемпионатында алғаш рет олжа салып отыр. Ал И.Бозбаев 2011 жылғы нәтижесін қайталап, күміс жүлде иеленді.
60 келі. Ғұсман Қырғызбаев
Іріктеу кезеңі. Ан Жай Йоң (КХДР) – Ан вазари ұпайымен жеңді.
66 келі. Азамат Мұқанов – VII орын
Іріктеу кезеңі. Гассем Нұризаде (Иран) – Мұқанов иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Сардар Нұриллаев (Өзбекстан) – ұпай санымен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Бектұр Рысмәмбетов (Қырғызстан) – ұпай санымен жеңілді.
Елдос Жұмақанов – күміс жүлдегер
Іріктеу кезеңі. Индра Шреста (Непал) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Жи Киаң Ву (Қытай) – 1 вазаримен ұтты.
Іріктеу кезеңі. Бектұр Рысмәмбетов (Қырғызстан) – 1 вазаримен ұтты.
Жартылай финал. Сардар Нұриллаев (Өзбекстан) – 1 вазаримен жеңді.
Финал. Ан Ба Ул (Оңтүстік Корея) – иппонмен жеңілді.
73 келі. Жансай Смағұлов – қола жүлдегер
Іріктеу кезеңі. Кейсеи Накано (Жапония) – вазари ұпайымен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Арата Татсукава (Жапония) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Ан Чаң Рим (Оңтүстік Корея) – вазаримен жеңілді.
Қола жүлде үшін. Мұхаммад Бариманлу (Иран) – иппонмен жеңді.
81 келі. Әзиз Қалқаманұлы – VІІ орын
Іріктеу кезеңі. Хуң Шао Тиң (Тайпей) – 2 вазаримен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Ли Сюң Су (Оңтүстік Корея) – вазаримен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Дагвасурен Нямсурен (Моңғолия) – вазаримен жеңілді.
90 келі. Ислам Бозбаев – күміс жүлде
Іріктеу кезеңі. Шахриор Ыдырысов (Қырғызстан) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Шахзатбек Сабыров (Өзбекстан) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Гуак Доң Хан (Оңтүстік Корея) – 2 вазаримен жеңді.
Финал. Кәмраншах Устопирион (Тәжікстан) – иппонмен жеңілді.
100 келі. Максим Раков – Азия чемпионы
Іріктеу кезеңі. Жанчивдорж Бунддорж (Моңғолия) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Шерәлі Жураев (Өзбекстан) – иппонмен жеңді.
Финал. Ким Хион Чол (Оңтүстік Корея) – вазаримен жеңді.
+100 келі. Ержан Шынкеев – V орын
Іріктеу кезеңі. Ким Суң Мин (Оңтүстік Корея) – иппонмен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Мухсин Хисамиддинов (Өзбекстан) – иппонмен жеңді.
Қола жүлде үшін. Дуренбаяр Улзиибаяр (Моңғолия) – иппонмен жеңілді.
Еламан Ерғалиев – V орын
Іріктеу кезеңі. Санжив Синх (Үндістан) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Дуренбаяр Улзиибаяр (Моңғолия) – иппонмен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Ли По Йен (Тайпей) – иппонмен жеңді.
Қола жүлде үшін. Юрий Краковецкий (Қырғызстан) – иппонмен жеңілді.
Әйелдер
О.Галбадрах пен З.Бектасқызы тұңғыш рет Азия жүлдесін иеленді. Ал Г.Исанова өзінің Азиядағы бай жүлде қорын толықтыра түсті. Ол төртінші рет Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. 2009 жылы ол Азия чемпионы атанды, 2011 жылы күміс жүлде жеңіп алды.
48 келі. Отгонцецег Галбадрах – күміс жүлдегер
Іріктеу кезеңі. Ти Тинх (Вьетнам) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Терри Сусанти (Индонезия) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Фуна Тонаки (Жапония) – иппонмен жеңді.
Финал. Уранцецег Мунхбат (Моңғолия) – 5:53 минутта таза жеңілді.
57 келі. Анна Казюлина – VII орын
Іріктеу кезеңі. Әсел Мұсабекова (Қырғызстан) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Сумия Доржсурен (Моңғолия) – иппонмен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Севара Нышанбаева (Қазақстан) – 3 вазаримен жеңілді.
Севара Нышанбаева – V орын
Іріктеу кезеңі. Ву Юң Зю (Тайпей) – 2 вазаримен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Квоң Ю Жоң (Оңтүстік Корея) – иппонмен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Анна Казюлина (Қазақстан) – 3 вазаримен жеңді.
Қола жүлде үшін. Лиен Чен Лиң (Тайпей) – иппонмен жеңілді.
63 келі. Ділбар Өмірәлиева
Іріктеу кезеңі. Ким Жи Жоң (Оңтүстік Корея) – 3 вазаримен жеңілді.
Мариан Ордабаева – V орын
Іріктеу кезеңі. Мария Такахаши (Филиппин) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Жие Ли (Қытай) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Мунгунчимег Балдорж (Моңғолия) – 1 вазаримен жеңілді.
Қола жүлде үшін. Ганхайч Болд (Моңғолия) – иппонмен жеңілді.
70 келі. Зере Бектасқызы – қола жүлдегер
Іріктеу кезеңі. Лиюан Дең (Қытай) – иппонмен жеңді.
Іріктеу кезеңі. Сураттана Тоңсри (Тайланда) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Ким Сион Гион (Оңтүстік Корея) – 1 вазаримен жеңілді.
Қола жүлде үшін. Хулан Батбаатар (Моңғолия) – иппонмен жеңді.
78 келі. Альбина Амангелдиева – V орын
Іріктеу кезеңі. Арта Тиара Гартиа (Индонезия) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Шори Хамада (Жапония) – иппонмен жеңілді.
Қола жүлде үшін. Парк Ю Жин (Оңтүстік Корея) – 6:08 минутта жеңілді.
Зарина Раифова – VII орын
Іріктеу кезеңі. Женжао Ма (Қытай) – 2 вазаримен жеңілді.
Жұбаныш белдесуі. Парк Ю Жин (Оңтүстік Корея) – таза жеңілді.
+78 келі. Гүлжан Исанова – қола жүлдегер
Іріктеу кезеңі. Жиа Уен Цай (Тайпей) – иппонмен жеңді.
Жартылай финал. Нами Инамори (Жапония) – 5:07 минутта таза жеңілді.
Қола жүлде үшін. Рахима Юлдашова (Өзбекстан) – таза жеңді.
Командалық есепте Жапония (9 алтын, 1 күміс, 4 қола, жиыны 14 медаль) топ жарды. Екінші орында – Оңтүстік Корея (4+4+8=16), үшінші орында – Моңғолия (1+5+5=11).