Рио Олимпиадасында кілемге бірінші болып грек-рим балуандары шықты.
59 келі. Іріктеу кезеңі. Алмат Кебісбаев – Ибрагим Лабазанов (Ресей) – 4:0
1/8 финал. Алмат Кебісбаев – Шинобу Ота (Жапония) – Отаның таза жеңісі.
Бірінші жұбаныш белдесуі. Алмат Кебісбаев – Хамит Сориан (Иран) – таза жеңіс (парсы балуаны төрттағаннан тұрып кетіп, Алматқа қарсы әдіс қолданды да, 4 ұпай, оның артынша тағы 2 ұпай иеленді. Екінші кезең басында тағы бір ұпай олжалаған Сорианды Кебісбаев көп еркінсітпей, қарсы әдіспен таза түсірді).
Екінші жұбаныш белдесуі. Алмат Кебісбаев – Стиг-Андре Берге (Норвегия) – 0:2 (Берге не өзі күресіп жарытпады, не Алматқа мүмкіндік бермеді. Төреші ескертуінен екі ұпай жинаған норвег балуаны қола жүлде үшін бақ сынауға мүмкіндік алды да, Кебісбаев бос қайтты).
75 келі. Іріктеу кезеңі. Досжан Кәртіков – Зураб Датунашвили (Грузия) – жеңіс
1/8 финал. Досжан Кәртіков – Елвин Мұрсалиев (Әзербайжан) – жеңіліс.
130 келі. 1/8 финал. Нұрмахан Тыналиев – Эдуард Попп (Германия) – 0:1.
Грек-рим күресі балуандарының олимпиадалардағы табысы мынадай:
1996 жыл. Атланта. Юрий Мельниченко (57 келі) – алтын
2000 жыл. Сидней. Ешқандай жүлде жоқ.
2004 жыл. Афина. Мхитар Манукян (66 келі) – қола
Георгий Цурцумия (120 келі) – күміс
2008 жыл. Бейжің. Нұрбақыт Теңізбаев (66 келі) – қола
Әсет Мәмбетов (96 келі) – қола
2012 жыл. Лондон. Даниал Гаджиев (84 келі) – қола
6 олимпиадада Қазақстан «классиктері» 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді. Ең сәтсіз олимпиадалар – Сидней мен Рио де Жанейро.