* Рио де Жанейро олимпиадасы – Қазақстан дербес ел ретінде қатысатын алтыншы Жазғы дода.

* Бұған дейінгі 5 олимпиадада отандастарымыз 16 алтын, 17 күміс, 19 қола — барлығы 52 медаль жеңіп алды.

* Ең көп алтынға боксшылар қол жеткізді – 6 алтын. Екінші орында — зілтеміршілер (5 алтын).

* Былғары қолғап шеберлері барлық олимпиадада Қазақстанға алтын жүлде сыйлады. Мұндай жетістікпен басқа ешбір спорт түрі шендесе алмайды.

* В.Жиров (Атланта-1996), Б.Артаев (Афина-2004), С.Сәпиев (Лондон-2012) В.Баркер кубогын иеленді.

* Қазақстан спортшылары 5 олимпиадада спорттың 6 түрінен алтын жүлде жеңіп алды. Олар – бокс (6), ауыр атлетика (5), жеңіл атлетика (2), грек-рим күресі (1), велоспорт (1), қазіргі бессайыс (1).

* Жалпы отандастарымыз олимпиадаларда спорттың 10 түрінен жүлдегерлер қатарына енді (жоғарыда аталған алтауынан бөлек, дзюдо, таеквондо, еркін күрес және нысана көздеу бар).

* И.Ильин (алтын және алтын), А.Винокуров (күміс және алтын), Е.Ыбырайымов (қола және алтын), Б.Жұмаділов (күміс және күміс) екі олимпиадада жүлдегерлер қатарына енді. 1996 жылы мерген С.Беляев Атланта олимпиадасының 2 бағдарламасында медаль жеңіп алған болатын.

* Қазақстанның ең жас олимпиада чемпионы — Бекзат Саттарханов (Сидней-2000, бокс, 20 жас). Ең «қарт» чемпион — Александр Винокуров (Лондон-2012, велоспорт, 38 жас).

* Қазақстаннан ең көп спортшы қатысқан олимпиада — Сидней-2000 (130 спортшы). Ең аз қатысқан дода — Атланта-1996 (94 спортшы). Рио олимпиадасына 104 спортшымыз аттанды. Афинаға — 114, Бейжіңге — 129, Лондонға 115 отандасымыз барған болатын.