Отандасымыз Гүзел Манюрова (75 келі) әйелдер күресінен Рио олимпиадасының финалына шықты.
1/8 финалда ол мажар қызы Жанетт Неметті уақытынан бұрын таза жеңді — 12:2.
Ширек финалда Аннабель Әлиді (Камерун) І кезеңде 8:0 есебімен тұқыртып, ІІ кезеңде 6 ұпай беріп қойғанына қарамастан, жартылай финалға жолдама алды.
1/2 финалда ресейлік Екатерина Букинадан І кезеңде 1:8 есебімен ұтылып жатып, нәтижелі екі әдіспен есеп айырмасын қысқартты — 6:8. Белдесу аяқталуға 3 секунд қалғанда отандасымыз Букинаны ту сыртынан құшақтап құрсаулап ұстап, таза жеңді. Сөйтіп, финалға жолдама алды.
Алтын үшін белдесуде ол канадалық Эрика Уибемен күреседі.
Манюрова 3 олимпиада жүлдесін иеленген жалғыз отандасымыз болмақ. Ол Ресей атынан 2004 жылғы Афина олимпиадасына қатысып, күміс медаль тағынды. 2012 жылы Лондонда Қазақстан намысын қорғап, қола жүлде жеңіп алды.